|
|
|
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң (2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi авария - нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрген технологиялық процестiң бұзылуы, тетiктердiң, жабдықтардың және құрылыстардың зақымдануы; 2) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiнiң иесi - қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiге меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында не кез келген басқа да заңды негiзде иелiк ететiн жеке және (немесе) заңды тұлға; 3) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға; 4) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объект иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияның салдарынан үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеудiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген мiндетi; 5) сақтандырылушы - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға; 6) сақтанушы - сақтандырушымен қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объект иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады; 7) сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы; 8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушының сақтандырушыға, соңғысының объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы; 9) сақтандыру сомасы - мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы; 10) сақтандыру жағдайы - оның басталуына орай қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға; 11) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi заңды тұлға; 12) үшiншi тұлға - қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияның салдарынан өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген тұлға. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiнiң қызметкерлерi мен иелерi үшiншi тұлға болып табылмайды; 13) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы және оның аумақтық органдары. 2-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары 1. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) объектiсi қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияның салдарынан өзінің үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеудiң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объект иесiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi болып табылады. 4-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi 1. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияның салдарынан өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады. 2. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi: үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауды осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қамтамасыз ету; объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз мiндеттемелерiн атқаруын қамтамасыз етуi болып табылады. ҚР 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-1-баппен толықтырылды 4-1-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi. 2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берiлмейдi. 5-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер 1. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер Қазақстан Республикасының ?кіметi белгiлейтiн тәртiппен мемлекеттік тiзiлiмде тiркелуге жататын және өзiнде: 1) мынадай қауiптi заттар (ең жоғары бiржолғы мөлшерде): тұтанғыш заттар - қалыпты атмосфералық қысымда және ауамен қосылғанда тұтанатын, қалыпты қысымда қайнау температурасы 20оC немесе одан төмен, мөлшерi 200 тоннаға тең немесе одан асатын газдар; тотықтандырғыш заттар - жануды қалыпты күйде ұстайтын, тұтандырғыш және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтiргiш экзотермиялық реакциялардың нәтижесiнде басқа заттардың жануына әсер ететiн, мөлшерi 200 тоннаға тең немесе одан асатын заттар; жанғыш заттар - технологиялық процесте пайдаланылатын немесе магистральдық құбырмен тасымалданатын мөлшерi 200 тоннаға тең немесе одан асатын сұйықтар, өзiнен-өзi тұтанып жануға, сондай-ақ тұтану көзiнен от алуға және ол көздi өшiргеннен кейiн де жана беруге бейiм газдар, тозаңдар; жұмсалатын, тауар-шикiзат қоймалары мен мұнай өнiмдерi базаларындағы мөлшерi 3500 тоннаға тең немесе одан асатын жанғыш сұйықтар; жарылғыш заттар - сыртқы әсердiң белгiлi бiр түрлерiнен жылу бөле және газ түзе отырып, өзiнен-өзi өте тез таралатын химиялық өзгерiске бейiм мөлшерi 25 тоннаға тең немесе одан асатын заттар; уытты және жоғары уытты заттар - тiрi организмдерге әсер ету кезiнде олардың өлiмiне әкеп соқтыруға бейiм және мынадай сипаттамасы бар заттар: асқазанға енгiзiлген кезде бiр килограмм салмаққа қоса алғанда кемiнде 200 миллиграмнан келетiн өлтiретiн орташа доза; терiге енгiзген кезде бiр килограмм салмаққа қоса алғанда кемiнде 400 миллиграмнан келетiн өлтiретiн орташа доза; ауадағы өлтiретiн орташа шоғырлануы бiр литрге қоса алғанда кемiнде 2 миллиграмнан келетiн, 1 тоннадан астам хлорға тең мөлшердегi; биологиялық қауiптi заттар алынатын, өндiрiлетiн, пайдаланылатын, өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, тасымалданатын (оның iшiнде магистральдық немесе технологиялық құбырлармен), қоймаға салынатын, түсiрiлетiн (тиелетiн), сатылатын, бейтараптандырылатын немесе жойылатын; 2) энергетикалық жабдықтар мен электр және жылу станцияларының электр қондырғылары пайдаланылатын; 3) газ толтырушы станциялар мен сұйытылған газ пункттерi өндiрiстiк аймағының негiзгi ғимараттары (үй-жайлары) және құрылыстары пайдаланып жатқан; 4) қара және түстi металдардың балқытпасы өндiрiлетiн және осы балқытпа негiзiнде қорытпалар өндiрiлетiн; 5) тұрақты, жылжымалы, қалқымалы бұрғылау қондырғылары және ұңғымаларды жер астында жөндеуге арналған көтергiш агрегаттар пайдаланылатын; 6) көмiрсутегi кен орындарын игеру: мұнайдың, газдың және мұнай өнiмдерi ұңғымаларының бұрғылауы, оларды өндiру, жинау, дайындау, сақтау, өңдеу, тасымалдау жүргiзiлетiн; 7) пайдалы қазбаларды өндiру мен байыту бойынша кен жұмыстары (кең таралған пайдалы қазбаларды өндiруден басқа), сондай-ақ жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргiзiлетiн; 8) гидротехникалық құрылыстар, өңделген қазба қалдықтарының қоймалары, I, II және III сыныпты күл төгу орындары мен шөгiндi жинақтағыш орындары пайдаланылатын; 9) атом энергиясы пайдаланылатын кәсiпорындар және (немесе) олардың цехтары, учаскелерi, алаңдары, сондай-ақ өзге де объектiлер болып табылады. 2. Егер объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi iшiнде объект осы баптың 1-тармағына сәйкес келуiн тоқтатса, онда сақтанушы бұл туралы иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жататын объектiлердiң қатарынан оны шығару туралы шешiм қабылдайтын және объектiнi мемлекеттік тiзiлiмнен шығарып, бұл жөнiнде сақтанушы мен сақтандырушыға жазбаша хабарлама жiберетiн уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi. 6-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жататын тұлғалар 1. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жатады. 2. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн еркiн сақтандыру шартын жасасуы оларды объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттен босатпайды. 7-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау 1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндетiн қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң орындауын және олардың осы Заңда белгiленген талаптарды сақтауын мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өз құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган мен өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 8-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі 1. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес үшiншi тұлғалардың пайдасына сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiнiң иесi бiреуден көп болған кезде объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты объектiнiң барлық иелерiн сақтандырылушылар ретiнде сақтандыру полисiнде мiндеттi түрде көрсете отырып, олардың кез келген бiреуiмен жасалады. 2. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында, моральдық зиянды, қолдан шыққан пайданы өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияның салдарынан үшiншi тұлғаның өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның зардабынан туындайтын мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi. 3. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi. Сақтандырушы сақтанушымен объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес. Сақтанушы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттенедi. 4. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады. Сақтанушының өтiнiшi объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi. 5. Сақтандыру полисi, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзбелеп көрсетiлген шарттардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершiлiгінiң шектi көлемiнiң мөлшерiн қамтуға тиiс. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисiн ресiмдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарымен белгiленедi. 6. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi. Сақтандыру полисi бланкiсiн дайындауға және оның телнұсқасын ресiмдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы (сақтандырылушы) өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы өтiнiш берген күнгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс. 7. Егер сақтандырушы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе үшiншi тұлғаның жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасаса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына алады. 9-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы 1. Егер объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. 2. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты ол күшiне енген күннен бастап он екi айдан аспайтын мерзiмге жасалады. Сақтандыру қорғауы қолданылу кезеңi, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiне сәйкес келедi. 3. Егер объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi. 10-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты: 1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған; 2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған; 3) сақтандырушы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы мөлшерiнде сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады. 11-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатудың тәртібі, талаптары мен салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады. 12-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сақтанушы: 1) сақтандырушыдан объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарын, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; 2) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшыны тартуға; 3) сақтандыру полисi жоғалған жағдайда оның телнұсқасын алуға; 4) келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалаудың нәтижелерiмен әрi сақтандырушы және (немесе) тәуелсiз сарапшы жүргiзген сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есептерiмен танысуға; 5) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға; 6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен дау айтуға; 7) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi сақтандыру тәуекелiн азайтуға әкеп соғуы мүмкiн мән-жайлар өзгерген жағдайда (сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығы немесе ол басталған кезде болуы мүмкiн зиян мөлшерi), объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарын өзгертудi талап етуге; 8) осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен сақтандыру төлемiн алуға құқылы. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа құқықтары да көзделуi мүмкiн. 2. Сақтанушы: 1) сақтандыру сыйлықақысын объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге; 2) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтандырушыға объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi және ерiктi сақтандырудың бұрынғы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi мен объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер туралы ақпаратты беруге; 3) үш жұмыс күнi iшiнде сақтандырушыға және құзыретiн негiзге ала отырып мемлекеттік органдарға мән-жайлардың өзгергенi туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаюына әсер етуi мүмкiн болса, хабарлауға; 4) сақтанушыны және құзыретiн негiзге ала отырып мемлекеттік органдарды сақтандыру тәуекелiн едәуiр ұлғайтуы мүмкiн, қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiде жоспарланып отырған жаңғырту және (немесе) қайта бейiндеу туралы хабарлауға; 5) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияны болдырмау жөніндегі қажеттi және мүмкiн болатын шараларды қолдануға; 6) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда бұл туралы дереу, бiрақ үш күннен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға; 7) авария туындаған кезде болуы мүмкiн шығындарды болдырмау немесе азайту, соның iшiнде мүлiктердi аман алып қалу және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету жөнiнде қалыптасқан жағдайдағы ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды қолдануға; 8) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияның туындау себептерi мен өзге де мән-жайларға өз бетiнше зерттеп-тексеру жүргiзу мүмкiндiгiмен сақтандырушының өкiлiн қамтамасыз етуге; 9) зақымданған мүлiктiң және бүлiну аймағының олардың сақтандыру жағдайы басталғаннан кейiнгi күйiнде сақтандырушының өкiлi қарағанға дейiн сақталуын (егер бұл қауiпсiздiк мүдделерiне қайшы келмесе немесе зиян мөлшерiне әсер етпесе) қамтамасыз етудiң мүмкiн болатын барлық шараларын қолдануға; 10) сақтандырушыға барлық қолда бар қажеттi ақпарат (қажет болған кезде - жазбаша түрде) пен сақтандыру жағдайының басталу себептерi, барысы және салдары туралы, сондай-ақ келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi туралы талқылауға мүмкiндiк беретiн құжаттарды беруге; 11) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияның салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап немесе талап-арыз қойылғаны жөнiнде өзiне белгiлi болғанда, үш жұмыс күнi iшiнде бұл туралы сақтанушыға кез келген қолжетiмдi тәсiлмен хабарлауға; 12) келтiрiлген зиян үшiн жауапты тұлғаға қойылатын керi талап құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн. 13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сақтандырушы: 1) объект иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәлiметтерден басқа, осы Заңға сәйкес объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi мәлiметтердi, соның iшiнде объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi және ерiктi сақтандырудың бұрынғы шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты беруiн талап етуге; 2) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшыны тартуға; 3) тиiстi мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiн негiздей отырып, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға; 4) үшiншi тұлғалардың зақымданған мүлкiн және бүлiну аймағын қарап тексеруге қатысуға және қарап тексеру актілеріне қол қоюға; 5) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi сақтандыру тәуекелiн (сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығы немесе ол басталған кезде болуы мүмкiн зиян мөлшерi) ұлғайтуға әкеп соғуы мүмкiн мән-жайлар өзгерген жағдайда объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарын өзгертуiн талап етуге; 6) келтiрiлген зиянды өтеуге байланысты қатынастарда сақтанушының (сақтандырылушының) атынан және оның тапсырмасы бойынша өкiлдiк етуге; 7) сақтанушының (сақтандырылушының) тапсырмасы бойынша пайда алушылар ұсынатын талап-арыздарға қатысты оның атынан сотта iс жүргiзудi өзiне қабылдауға құқылы. Алайда, сақтандырушының бұл iс-әрекеттерi оның сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі өз міндетін мойындауы деп бағалануға тиiс емес; 8) зиян келтiрiлгенi үшiн жауапты тұлғаға керi талап қоюға құқылы. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн. 2. Сақтандырушы: 1) сақтанушыны (сақтандырылушыны) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен таныстыруға, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге; 2) сақтанушыға (сақтандырылушыға) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру ережесін қоса тiркеп, белгiленген мерзiмде сақтандыру полисiн беруге; 3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда көзделген тәртiппен және жағдайда сақтандыру төлемiн жүргізуге; 4) сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда сақтанушыға (пайда алушыға) бас тартудың дәлелдi негiзделген себептерiн жазбаша нысанда жiберуге;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |