|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 495-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінде: 1-бөлімнің 8-тармағындағы «20-тармағында» деген сөздер «20, 20-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін базалық тарифті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі кезекті жоспарланатын кезеңге тиісті бюджеттердің көзделген қаражатын консультациялық-диагностикалық көмекке, медициналық қызметтер көрсетудің жоспарланатын санына бөлу жолымен осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындайды»; 20-тармақтағы «стационарды алмастыратын медициналық көмектің түрлерін» деген сөздер «үйде стационарды алмастыратын көмек» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын: «20-1. Бір емделіп шығу жағдайы үшін қаржыландыру көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін медициналық бақылау жасалатын күндізгі стационардағы денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуіне шығыстарды төлеу жолымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады»; Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне 4-қосымшада: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |