Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесін және Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 321 бұйрығымен күші жойылды
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесін және Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4707 болып тіркелген, 2007 жылғы 17 тамыздағы «Заң газетінде» № 126 (1155) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбындағы «және Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесін» деген сөздер алынып тасталсын; 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесінде: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің зақымданған немесе жойылған алқаптарын анықтау жоғарыда аталған себу тәсілдеріне сәйкес гектармен жүзеге асырылады. Егістіктің толық жойылуы - өнімді одан әрі өсіруге және астық жинауға жұмсалатын шығындар өнім алудан түсетін болжамды кірістен асып түсетін егістікке қолайсыз табиғат құбылыстары әсерінің салдары. Өнімді одан әрі өсіруге және жинауға жұмсалған шығындар өнім алудан түсетін болжамды кірістен асып түсуін комиссия анықтайды және қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алқапта егістіктердің 70 % және одан жоғары жойылған немесе зақымданған жағдайда белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|