Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы
Осы Жарлықты іске асыру жөніндегі ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 963 Қаулысын қара
Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабының 1-тармағына, 44-бабының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес қаулы етемін: 1. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ретінде облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері (соттардың кеңселері) бар Жоғарғы Сот жанынан Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет: атқарушылық құжаттарды орындау, жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне; облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың қызметін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық ету жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Жоғарғы Сот жанынан жаңадан құрылған Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына) беріле отырып, таратылсын. 3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі: - мынадай: қоғамдық тәртіпті бұзушыларды медициналық айықтырғыштарға жеткізу жөніндегі функцияларын қоспағанда, медициналық айықтырғыштардың қызметіне байланысты функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|