Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жауапты хатшысының 2010 жылғы 2 маусымдағы № 97 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті» (2011.21.10. берілген толықтырулармен)
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елді индустриялық, ғылыми-техникалық дамыту, экспорттық бақылау және қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау саласында, регулятивті, бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Комитеттің құрылымы мен штат санын Министрліктің штат саны лимиті шегінде Министрліктің бірінші басшысымен келісілгеннен кейін, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді. 7. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|