ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 554 бұйрығымен бекітілді
«Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Су көздеріне, шаруашылық-ауызсумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) сумен жабдықтау көздерін ластанудан қорғауға, ауызсумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғаныш аймақтарының шектерін айқындауға, жер учаскесін орналастыруға, таңдауға, ғимараттарға, үй-жайларды жабдықтауға, суды дезинфекциялауға, сондай-ақ сумен жабдықтау объектілеріндегі персоналдың еңбек жағдайларын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды. 2. Осы Ереже сумен жабдықтау объектілеріне (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауызсу, шаруашылық-ауызсумен жабдықтау жүйелері, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелері) қолданылады. 3.Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) ауызсумен жабдықтау - тұтынушыларды ауызсумен жабдықтауға бағытталған, сумен жабдықтау көздері мен құрылыстарын таңдау, қорғау, жобалау, құрылысын жүргізу, сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану, ауызсуды жинау, дайындау, сақтау, тұтыну орындарына жеткізу және сатуды қамтитын қызмет. 2) сумен жабдықтаудың орталықтандырылмаған жүйесі (бұдан әрі - суқұбыр) - ауызсуды жинау, дайындау немесе дайындықсыз, сақтау, тұтыну орындарына жеткізу және жалпы пайдалануға ашық құрылғылардың, құрылыстар мен суқұбырлардың кешені; 3) коли-фаги - E.coli-ді лизирлеу және қоректендіргіш агарда плюс 370С температура барысында, 18 сағаттан кейін лизис аймақтарын (түйіндіктер) қалыптастыру қабілеті бар бактериалдық вирустар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|