ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 577 бұйрығымен бекітілген
«Балалар ойындары мен ойыншықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
1. Осы «Балалар ойындары мен ойыншықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) қызметі балалар ойындары мен ойыншықтарын шығаруға және өткізуге байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған. Санитариялық ереже мыналарға: пиротехникалық ойыншықтарға, ұратын капсулалары бар (балалар ойынына арналған пистондарды қоспағанда) фейерверктерге, шырша әшекейлеріне, іштен жану қозғалтқышы бар ойыншықтарға, ересектерге арналған сувенир бұйымдарға, бас қатырғыштарға, пневматикалық мылтықтар мен тапаншаларға, тас атқыштар мен катапульттерге, метал ұштығы бар лақтыруға арналған жебелерге, ертоқымы жерден 635 миллиметр (бұдан әрі - мм) биіктіктегі велосипедтерге, балаларға арналған әшекейлерге, желіден қуаттанатын ойыншықтарға қолданылмайды. 2. Жеке және заңды тұлғалар осы санитариялық ереженің талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. 3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) балалар ойындары мен ойыншықтары - табиғи және полимер материалдардан дайындалған балалар ассортименті тауарлары; 2) балл - ойыншық иісінің деңгейін сипаттайтын бірлік; 3) көшу қабілеті - ойыншық бетінен бастапқы шикізаттың рецептурасына кіретін химиялық заттардың бөліну мүмкіндігі; 4) пайдаланудың үлгіленген жағдайлары - табиғи жағдайға жақын, жасанды жасалған микроклиматтық жағдайлар; 5) табиғи материалдар - балалар ойындары мен ойыншықтарын дайындауға пайдаланылатын шығу тегі өсімдіктер, табиғат және жануарлар болатын материалдар; 6) сіңіру қабілеті - балалар кітаптарындағы баспа бояуының бекітілу бекемдігі дәрежесінің көрсеткіші; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|