Аккредиттеу жөніндегі комиссияның ережесін бекіту туралы (2013.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы қаулысына сәйкес Бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес аккредиттеу жөніндегі комиссияның ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А.Вощенковаға жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.03.11. № 767 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 712 бұйрығына қосымша
Аккредиттеу комиссиясы туралы қағида
1. Жалпы қағидалар
1. Осы аккредиттеу комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) туралы қағида «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне, «Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына сәйкес әзірленген және аккредиттеудің тиісті рәсімі бойынша Комиссияның: медициналық ұйымдардың, денсаулық сақтау субъектілері қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу үшін жеке тұлғалардың, емші сертификатын беру құқығына денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын регламенттейді. 2. Комиссияның жұмысын құру және ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі - аккредиттеуші орган) немесе денсаулық сақтау саласындағы аккредиттелген уәкілетті орган қамтамасыз етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|