Осы редакция 2010 жылғы 1 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.13.04. № 168 Бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген
Жоғары оқу орындарында білімалушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және (2010.13.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары оқу орындарында студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Типтік ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 19-тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында студенттердің үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібін анықтайды. 2. Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың мемлекеттік кәсіптік оқу бағдарламаларын және жалпыға міндетті стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі. 3. Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) оқу жетістіктерін бағалаудың балдың рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндігін беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі; 2) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - студентердің білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген пәннің оқу бағдарламасының сапасын бағалау және оқытудың теоретикалық курсын бітіргеннен практикадан өткеннен кейін өткізілетін рәсім. 3) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|