Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Холдинг пен «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы министрлікке министрлік белгілеген нысанда және мерзімде қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат береді.»; 8-тармақ «қарыз беру» деген сөздерден кейін «мақсатты пайдалану,» деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «қарыз алушы - өсімдік шаруашылығы өнімін өндірумен және/немесе қайта өңдеумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өз қатысушыларына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ауылдық тұтыну кооперативтері;»; 10-тармақтың төртінші абзацы «қарыз беру» деген сөздерден кейін «және/немесе өсімдік шаруашылығы өнімін сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын; 21-тармақтың 1) тармақшасы «қытай бұршағы, күнбағыс» деген сөздерден кейін «, рапс» деген сөзбен толықтырылсын; 22-тармақтағы «ауыл шаруашылығы дақылдарымен» деген сөздер алынып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|