Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы (2010.10.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 34-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы стационарлық көмектің шектеулі көлемдері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардағы стационарлық көмектің шектеулі көлемдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануы тиіс.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.16.06. № 451 Бұйрығымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.10.11. № 881 Бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына 1-қосымша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|