«Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережесін бекіту туралы»
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 6 Бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 наурызда № 5584 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 49 (1472) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу Ережесінде (бұдан әрі - Ереже): 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережесінде (бұдан әрі - Ереже) «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген, ол уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - Салық комитеті), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - Кедендік бақылау комитеті) мен мәмілеге қатысушы арасында Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім (бұдан әрі - Келісім) жасасу тәртібін айқындайды.»; 3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мәмілеге қатысушы Салық комитетіне төмендегілерді қамтитын Келісім жасасу үшін қажетті нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса берілетін Келісім жасасуға өтінішті табыс етеді:»; 2), 3) тармақшалар алып тасталсын; 6) тармақшада «тауарларды өткізу және сатып алу бойынша» деген сөздер «тауарларды өткізуге және сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) тармақшада «жер қойнауын пайдалануға арналған» деген сөздердің алдынан «Қазақстан Республикасының Құзыретті органымен жасалған» деген сөздермен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|