Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2011 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 49 және 50-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 793 бұйрығымен бекітілген
Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасында жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанында медициналық жәрдем көрсету тәртібін анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|