Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының барынша төмен мөлшерін бекіту туралы
Осы редакция 2011 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 43-бабының 1-тармағына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 10-бабының 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банк) үшін резервтік капиталдың барынша төмен мөлшері мына сомадан төмен емес сомада белгіленсін: алдыңғы есепті кезеңінде қалыптастырылған нақты резервтік капитал; банктің жай акциялар бойынша дивидендтерді төлегенге дейін бөлінбеген таза кірісінің және алдыңғы жылғы жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелері өсімінің алдыңғы жылдың басындағы жағдай бойынша жіктелуге жататын активтер мен шартты міндеттемелерінің мөлшеріне қатынасының көбейтіндісіне тең болатын банктің жай акциялар бойынша дивидендтерді төлегенге дейінгі бөлінбеген таза кірісінің бір бөлігі, бірақ 0,1-ден кем емес және 1-ден көп емес. Егер жіктелуге жататын активтердің және шартты міндеттемелердің шамасы алдыңғы жылдың басында 0 тең болса, онда алдыңғы жылдың жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелері өсімінің алдыңғы жылдың басындағы жағдай бойынша жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелерінің шамасына қатынасының шамасы алдыңғы жылғы жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелерінің өсімі деп алынады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|