Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және (2009.24.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi № 470 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының 2.3.3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.03.05 № 362 (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2007.12.04 № 294 Қаулыларымен; ҚР Үкіметінің 2007.18.10 № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.21.11. № 1080 (бұр.ред.қара); 2009.12.03. № 294 (бұр.ред.қара); 2009.24.03. № 388 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, «Ұлттық медициналық холдинг», акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттеріне, мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және/немесе мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар), заңнамада белгіленген тәртіппен жыл сайын: 1) ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 2) ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 (бұр. ред. қара); 2007.31.07 № 647 (бұр.ред.қара); 2008.31.07. № 725 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 3) тармақша өзгертілді 3) ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын қарау және бекiту кезiнде: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысымен бекiтiлген II топтағы мемлекеттiк органдардың орталық аппаратына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік жеңiл автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiне ұқсас акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсiпорындардың) қызметтiк жеңiл автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативiне; «Қызмет телефондары мен мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың уақытша нормаларынан аспайтын мөлшерде акционерлiк қоғамдардың (мемлекеттiк кәсіпорындардың) әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларына; оларға сәйкес тәулiкақы мөлшерi және тұрғын үйдi жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу үшiн шектi мөлшерлер Қазақстан Республикасының шегiндегi iссапарлар үшiн Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысымен белгiленген шетел валютасындағы iссапар шығыстарын өтеу нормаларынан аспауы тиiс «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысымен бекiтiлген ережеге ұқсас. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсiпорындардың) қызметкерлерiне шығыстарын өтеу тәртiбi мен шарттарына сәйкес кейбiр шығыстардың лимиттерiн бекiтсiн; ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 4)-тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 4) бiрiншi басшылар мен олардың орынбасарларына ұялы байланысты пайдалану құқығын беру кезiнде акционерлiк қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (мемлекеттiк кәсiпорынның) қаражаты есебiнен өтелетiн шығыстардың лимиттерiн белгiлесiн; ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5) мемлекеттік органмен (мемлекеттік кәсіпорындар үшін мемлекеттік басқару органымен) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсіпорындардың) бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдік іссапарларын келісу міндеттілігін қамтамасыз етсін; 6) өкiлдiк шығыстарының лимиттерiн белгiлесiн. ҚР Үкіметінің 2009.24.03. № 388 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. 1-тармақтың 3), 4), 5), 6) тармақшаларының талаптары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына қолданылады. 2. Осы қаулының күші қолданылатын, басым (монополиялық) орын алатын табиғи монополия субъектiлерi мен рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетудi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруiне және ұсынуына бағаларды (тарифтердi) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығыстардың лимиттерi монополияға қарсы заңнамаға сәйкес анықталады. 3. «Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 389-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1, 2, 3-тармақтар алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
|