|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: 1-тармақ «17 қаңтардағы» деген сөздерден кейін «және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтағы «темір жол, теңіз, өзен көлігімен» деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақтың бірінші абзацы «көлігімен» деген сөзден кейін «қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) жолаушыларды қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен тасымалдау.»; «барлық қажетті құжаттармен қоса» деген сөздер «осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қоса» деген сөздермен ау ыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы шешімді қабылдау мерзімі лицензиардың қолданыстағы заңнама мен нормативтерде белгіленген санитарлық қағидаларға сәйкес жолаушыларды тасымалдауға автобустар мен микроавтобустардың сәйкестігі туралы куәландыратын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын алуын қамтиды.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |