«Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 208-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі сауда ережесіне: 28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «28) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган - сауда қызметі саласында мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; мынадай мазмұндағы 29), 30), 31), 32) және 33) тармақшалармен толықтырылсын: «29 қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнімдерін өндірумен, қайта өндеумен, сатумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет; 30) мейрамхана - тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделі астың түр-түрін, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектісі; 31) дәмхана - тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, дайындалуы күрделі емес астың түр-түрін, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектісі; 32) бар - тұтынушыларға тіске басар, десерт және кондитерлік тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс 33) асхана - тұтынушылар дербес қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру объектісі.»; 3-бөлім мынадай мазмұндағы 2-1-параграфпен толықтырылсын: «Параграф 2-1. Мейрамхана, дәмхана, бар, асхана санаттары бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметін жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|