Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2006.31.03. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында: реттiк нөмiрi 19-жолында: «Жауапты орындаушылар» деген бағанда «МАКМ» аббревиатурасы «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын; «Орындау мерзiмi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «2004 жылғы I тоқсан»; реттiк нөмiрi 41-жол алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 117 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында: реттiк нөмiрлерi 46-1, 46-2-жолдар алынып тасталсын; 3) ҚР Үкіметінің 2006.31.03. № 222 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
|