Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Осы редакция 2011 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 03.08.04 ж. № 824 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 20-жол алынып тасталсын; 3) «Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 117 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында: реттік нөмірі 42-жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|