«Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 33, 433-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі және «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес әзірленген және адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|