|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат): 1) 240-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «он бес» деген сөздер «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 242-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер меншік иесі бұл туралы жариялау арқылы меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiнеді.»; 3) 250-баптың бірінші бөлігі «әрекеттер» деген сөзден кейін «(әрекетсiздiк)» деген сөзбен толықтырылсын. 2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат, № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар): 602-баптың 1-тармағындағы «жергiлiктi атқарушы органның» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның» деген сөздермен толықтырылсын. 3. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат): 1) 140-баптың 10) тармақшасындағы «мәлімдеген болса, шығарылады.» деген сөздер «мәлімдеген болса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) егер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса, шығарылады.»; 2) 154-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «коммуналдық мүлікті» деген сөздердің алдынан «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 314-баптың үшінші бөлігіндегі «жүгінсе, » деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын. 4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат): 330-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы: «тұрғын жайларды, ортақ пайдалану орындарын қорлау» деген сөздер «тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: «13-1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; 30) тармақшасы «(бұдан әрі - уәкілетті орган) - » деген сөздерден кейін «елді мекендер шегінен тыс жерлерде» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 33-баптың 1-тармағындағы «уәкiлеттi орган,» деген сөздерден кейін «коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган,» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 36-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын: «15-1) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;»; 4) 37-баптың 1-тармағында: 3-2) және 3-3) тармақшалар алып тасталсын; 14) тармақшадағы «су қорын» деген сөздердің алдынан «елді мекендер шегінен тыс жерлерде» деген сөздермен толықтырылсын; 5) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын: «37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган: 1) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады; 2) өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді; 3) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 4) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады; 5) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді; 6) елді мекендердің су бұру жүйесіне ағынды суларды қабылдау қағидаларын әзірлейді; 7) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді; 8) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді; 9) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 6) мазмұны мынадай мазмұндағы қырық сегізінші абзацпен толықтырылсын: «37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті». 6. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын: «17-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті»; жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «19-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi 19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi 20-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қоршаған ортаны қopғaу саласындағы құзыретi 20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi»; үш жүз елу алтыншы абзацындағы «Тұрмыстық қатты қалдықтарды» деген сөздер «Коммуналдық қалдықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; 3) 16-баптың 7) тармақшасының сегізінші абзацындағы «ережелерiн бекiтедi;» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекiтедi;»; 4) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын: «17-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган: 1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады; 2) өз құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді; 3) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 4) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады; 5) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 5) 19-бапта: тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекітеді;»; 6) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын: «19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары коммуналдық шаруашылық саласында: 1) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекітеді; 2) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекітеді; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 7) 20-бапта: тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және жергiлiктi өкілді органдарға бекітуге ұсынады;»; 8) 3-тарау мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын: «20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық шаруашылық саласында: 1) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады; 2) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады; 3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 9) 302-баптың тақырыбы мен бірінші абзацындағы «Тұрмыстық қатты қалдықтарды», «Тұрмыстық қатты қалдықтар» деген сөздер тиісінше «Коммуналдық қалдықтарды», «Коммуналдық қалдықтар» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат): 1) 53-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық: нормативтік-техникалық құжаттамаларды иелену, әзірлеу және жетілдіру; елді мекендердің шегінде орналасқан жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жаңғырту және дамыту, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру; коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласын реттеу; қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу; кадрлық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету; коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның елді мекендердегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының техникалық-экономикалық негіздемелерін, жаңғырту және дамыту инвестицияларының негіздемесін орталықтандырып әзірлеуі; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы объектілерді тексеруді және техникалық жай-күйін бағалауды жүргізу; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мониторингі және оны бақылау үшін ақпараттық жүйе құру; энергия және ресурс үнемдеу жөнінде іс-шаралар жүргізу;»; 2) 55-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының он төртінші абзацындағы және 56-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының жетінші абзацындағы «және ескі» деген сөздер алып тасталсын. 8. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат): 1) 11-баптың тақырыбындағы «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен және бірінші абзацындағы «Жергiлiктi атқарушы органдар» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 33-бапта: екінші бөлікте: «20» деген цифрлар «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын; «әскери қызметшілер» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөлікте: «үйелмен мүшелерiне заң» деген сөздер «отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын; «тұрғын жайлар (жатақхана)» деген сөздер «тұрғын үйлер» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөлікте: «тұрғын үй қорының кімге тиесілі екендігіне қарамастан» деген сөздер алып тасталсын; «тиісті жылға арналған республикалық бюджетте» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңмен» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші бөліктегі «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы бөліктегі «үйелменiнiң» деген сөз «отбасының» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 39-баптың үшінші бөлігіндегі «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 924-құжат; 2004 ж., № 24, 150-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат): 1) 18-баптың 3) тармақшасындағы «тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мамандардың» деген сөздер «тұрғын үйге мұқтаж мамандардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 19-баптың бірінші абзацындағы «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 24-бапта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді. 10. «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2003 ж., № 15, 135-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 2-3, 8-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат): 1) 4-баптың төртінші бөлігіндегі «заңдарында белгiленген» деген сөздер «заңдарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 12-бапта: үшінші бөлігіндегі «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы бөлігіндегі «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген» деген сөздермен ауыстырылсын; сегізінші бөлігінде: «заңдарында» деген сөз «тұрғын үй заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын; «20» деген цифрлар «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 17-баптың екінші бөлігінде: «20» деген цифрлар «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын; «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын. 11. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат): 1) 3-бапта: «меншiк нысаны мен шаруашылықты жүргiзу нысанына қарамастан» деген сөздер алып тасталсын; «заңдарында белгiленген тәртiппен» деген сөздер «заңдарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 11-бапта: 1-тармақта: «тұрғын үй жағдайын жақсартуға» деген сөздер «тұрғын үйге» деген сөздермен ауыстырылсын; «меншiк нысанына қарамастан» деген сөздер алып тасталсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |