Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі - Болжамды схема) қабылданды. Болжамды схема Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құрамдас құжаттарының бірі және экономика салаларын, инфрақұрылымды дамыту мен өңірлік даму мәселелері кешенді түрде қаралған Қазақстан Республикасы дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын іске асыруының ең маңызды құралы болып табылады. Болжамды схеманың мақсаты еліміздің өңірлері мен экономика салаларының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану және дамыту негізінде халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ететін жағдай жасау болып табылады. Айқындалған негізгі міндеттер: - өндірістік және еңбек ресурстарының «өсу нүктелерінде», экономикалық тұрғыдан перспективалы және тіршілікке қолайлы аудандарда аумақтық шоғырлануын ынталандыру; - ірі қалаларда инновациялық экономиканың негізін қалау мақсатында урбандалу мен агромерациялық процестерді ынталандыру мен реттеп-дамыту; - еліміздің және оның әрбір өңірінің ресурстық әлеуетін, олардың артықшылықтарын оңтайлы пайдалану; - еліміздің Еуразия құрлығындағы тораптық және транзиттік орналасуының артықшылықтарын іске асыру және еліміздің ішкі байланыстылығын күшейтуге бағытталған аумақтық-кеңістікте дамытудың арқаулы жүйесін құру; - өңірлердің республикалық, өңірлік және халықаралық еңбек бөлінісіндегі бәсекеге қабілетті экономикалық мамандануын қалыптастыру; - тұрғындардың мемлекет кепілдік берген әлеуметтік қызметтерге, әсіресе ауылдық жерлерде және шалғай аудандарда бірдей қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған, халықты және әлеуметтік объектілерді орналастырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|