Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы (2011.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен кіріспе өзгертілді Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) асыл тұқымдық куәлік - аттестацияланған асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлік орталық беретін, асыл тұқымды малдың шығу тегін, өнімділігін және өзге де сапасын, сондай-ақ ата-енесінің шығу тегін және ұрықтың немесе эмбрионның сапасын растайтын құжат; 2) асыл тұқымдық құндылық - асыл тұқымды малдың тектік әлеуетінің төлдің шаруашылыққа пайдалы белгілеріне ықпал ететін деңгейі; 3) асыл тұқымды мал - өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне, тұқым стандартына сай келетін, құжатпен расталған шығу тегі бар таза тұқымды, тұқымы жақсы, өнімділігі жоғары мал; 4) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабы - Қазақстан Республикасында бар, шығу тегі, өнімділігі мен асыл тұқымдық сапасы жағынан неғұрлым құнды белгілі бір тұқымға жататын мал туралы деректер жиынтығы; 5) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі - асыл тұқымды малдың және асыл тұқымды мал табындарының сан және тұқым құрамы туралы деректер жиынтығы; 6) асыл тұқымды мал зауыты - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, сапасы анықтаудан өткен зауыттық, бір тұқым ішіндегі, аймақтық типке, зауыттық тұқымдық желіге, кроссқа, белгілі бір тұқым тобына жататын құндылығы жоғары малды өсірумен, жетілдірумен және сатумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъект; 7) асыл тұқымды мал шаруашылығы - мал шаруашылығының малды асылдандыру жұмысының жүйесімен қамтылған, тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған саласы; 8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты берілген өкілеттік шегінде іске асыратын орталық атқарушы орган; 9) асыл тұқымды өнім (материал) - асыл тұқымды мал, оның ұрығы, эмбриондары; 10) асыл тұқымды өнім (материал) сату жөніндегі дистрибьютерлік орталық (бұдан әрі - дистрибьютерлік орталық) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, асылдандырушылар деп танылған асыл тұқымды малдың ұрығы мен эмбриондарын сатып алуға, сақтауға және сатуға маманданған заңды тұлға; 11) аттестат - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы беретін, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттің тануын куәландыратын құжат; 12) аттестаттау - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында субъектілерді кезең-кезеңімен жүргізілетін комиссиялық бағалау; 13) бағалау - малдың асыл тұқымдық құндылығының деңгейін тиісті сынып бере отырып, оларды белгілер кешені (тұқымдылығы, өнімдік сапасы, сыртқы тұрпаттық-бітімдік ерекшеліктері) бойынша бағалау арқылы анықтау; 14) ен салу (таңбалау) - тиісті малды дәл сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға тағу) арқылы асыл тұқымды малды белгілеу; 15) зауыттық тип - тұқымның бір бөлігі болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттермен қатар өнімділігі, тұрқы мен бітімінің сипаты жөнінен өзінің кейбір айрықша ерекшеліктері бар, өсірілетін аймақтың жағдайына жақсы бейімделген, ауруға төзімді ауыл шаруашылық малының тобы; 16) кросс - малдың бір тұқымдық желісін басқа бір тұқымдық желісімен шағылыстырудан тарайтын мал тобы; 17) қолдан шағылыстыру - жеке-жеке іріктеліп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру; 18) мал - адам өсіретін, ауыл шаруашылық өндірісіне тікелей қатысы бар ауыл шаруашылығы малы мен құсының барлық түрі; 19) малды асылдандырушы орталық - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, асыл тұқымды тұқымдық мал ұстайтын, олардың ұрығын алумен, жинақтаумен, сақтаумен, сондай-ақ асылдандырушылар деп танылған тұқымдық малдың ұрығын сатумен айналысатын заңды тұлға; 20) малды асылдандырушы шаруашылық - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, белгілі бір түр мен тұқымға жататын асыл тұқымды малды өсіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект; 21) малды өз төлінен өсіру жөнінде қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, малды өз төлінен өсіру жөнінде қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 22) малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында аттестаттаудан өткен жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 23) малдың ата-тегі - бірнеше буын төлдің ата-енесі және арғы тегі туралы мәліметтер келтірілген, асыл тұқымды малдың шығу тегі; 24) тұқым - адамның шығармашылық қызметінің ықпалымен белгілі бір шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, «өз ішінде» өсіру үшін саны жеткілікті және іріктеп алып, іріктеп бөліп, тектік типіне сәйкес келетін технологиялық жағдай жасап, қолдау көрсетілетін шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендіретін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерінің белгілі бір өзгешелігі бар шығу тегі ортақ бір түріне жататын ауыл шаруашылық малының тобы; 25) тұқымдық желі - бір немесе бірнеше үздік тұқымдық малдан тарайтын ауыл шаруашылық малының бір тұқым ішіндегі немесе тұқымаралық тобы; 26) тұқым стандарты - малды бағалаған кезде өнімділігі, тұрқының типі мен шығу тегі жөнінен тұқымға қойылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нормативтік құжаттарда белгіленген ең төмен талаптар; 27) тұқым тобы - тұқымдағы үздік аналық малдан тарайтын буындағы ұрғашы малдан тұратын өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал тобы; 28) шектеулі тектік қоры бар тұқым - сирек кездесетін және дүние жүзінде өзіне ұқсасы жоқ, селекциялық мақсаттарда пайдалану үшін қажет және құрып кету қаупі төнген отандық тұқымға жататын мал тобы; 29) эмбрион - ұрықтанған жұмыртқа клеткадан дамитын ұрық; 30) эмбриондарды телу (алмастырып салу) - құндылығы жоғары малдан төл басын көбірек алудың биотехнологиялық тәсілі.
2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет: тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру; тұқымның сақталуын қамтамасыз ету; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң тиiсiнше есепке алынуын қамтамасыз ету; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жедел өңдеу және оны асыл тұқымды малды өсiрудi, пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға беру принциптерiне негiзделедi. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жұмыстарды орындауды тиiстi біліктiлiгi бар қызметкерлер жүзеге асырады. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретіндегі асыл тұқымды өнiм (материал) Асыл тұқымды өнiм (материал) мүлiктiк және соған байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарда азаматтық құқық объектiсi бола алады. Егер осы Заңда және өзге де заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, асыл тұқымды өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады. 5-бап. Асыл тұқымды өнiмге меншiк құқығы және оны пайдалану Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) заңды және жеке тұлғалардың меншiктену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 6-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) айналымда болуы Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғана сатуға болады. Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн сәйкестiк асыл тұқымдық куәлік болған жағдайда рұқсат етiледi. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 7-бап жаңа редакцияда 7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң экономикалық қызметiнiң ерекшелiктерi Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылып, жұмыс iстейдi. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн қайта бейiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi. 8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану Заңды және жеке тұлғаларға асыл тұқымды малды өсiру мен пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы (пайдалануындағы) жерден жер учаскелерi мен суаттар берiледi. Жер учаскесi мен суаттарға құқық, оларды беру тәртібі мен пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-бап. Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты мен импорты Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін асыл тұқымдық куәлік және ветеринариялық куәлiк болған жағдайда жүзеге асырылады. Асыл тұқымды өнiм (материал) импорты экспорттаушы елдiң ресми органдары берген және Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы таныған ветеринариялық және асыл тұқымдық куәліктер немесе оларға балама құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады. 2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган және оның қызметiнiң негiзгi бағыттары
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 2-тараудың тақырыбы, 10-бап жаңа редакцияда 10-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның құзыретi Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) асыл тұқымды малдың тектiк қорын дамыту, сақтау мен пайдалану бағдарламасын әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге ұсынады; 2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 3) асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау және малды өз төлiнен өсiру жөніндегі нормативтiк құжаттарды бекiтедi; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді; 5) аттестаттауды жүргiзу тәртібі туралы, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге асыл тұқымды мал зауыты, малды асылдандырушы шаруашылық, малды асылдандырушы орталық және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру тәртібі туралы ережелердi әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге ұсынады; 6) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 8) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 9) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 10) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктердi сынақтан өткiзедi және сапасын анықтайды; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 11) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кiтабын, өндiрiсте пайдалануға рұқсат етiлген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзедi және басып шығарады; 12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi; 13) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14)-17) тармақшалармен толықтырылды 14) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабын және асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін әзірлейді және бекітеді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 15) экспорттаушы елдердің ресми органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың қолданылуын тануды жүзеге асырады; 16) асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын әзірлейді және бекітеді; 17) асыл тұқымды малдың тектік қорын дамыту, сақтау және пайдалану бағдарламасының шеңберінде ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, малды асылдандыру орталықтарындағы тұқымдық малдың тұқым және сан құрамын айқындайды. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды 18) ауылшаруашылығы жануарларының барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәлік нысандарын және олардың берілу тәртібін әзірлейді және бекітеді. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19) тармақша өзгертілді 19) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды 10-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 1) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөніндегі облыстық (аймақтық) бағдарламаларды әзiрлейдi; 2) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3)-10) тармақшалармен толықтырылды 3) аттестат берумен бірге асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерді аттестаттауды жүргізеді; 4) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының нормаларын бұзған жағдайда аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады, қайталап бұзылған жағдайда аттестаттан айыру туралы талап қойып, сотқа жүгінеді; 5) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады; 6) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидияны іске асырады; 7) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізеді; 8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектінің әрбір түрі бойынша және әрбір субъектіге орай субсидиялануға тиісті сатылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын аталған мақсаттар үшін бюджетте көзделген қаражат шегінде белгілейді; 9) бағалау туралы деректерді жинақтап, қорытады және жоғары бағалы асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді; 10) асыл тұқымды малдың, оның ішінде шектеулі тектік қоры бар тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 11-бап жаңа редакцияда 11-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Уәкiлеттi органның басшысы әкiмшiлiк қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі бас инспекторы» және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі инспектор» деген қосымша арнаулы атауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен беруге құқылы. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Уәкiлеттi органның асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі инспекторлары: 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) асыл тұқымды мал шаруашылығының аттестатталған субъектілеріндегі малды асылдандыру жұмысының, оны есепке алудың және оның есептілігінің жай-күйін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) субъектiлердiң асыл тұқымды өнiмдi (материалды) ұстау, азықтандыру, сондай-ақ сақтау жағдайларының сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсететiн қызмет сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 4) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарының нормалары бұзылған жағдайда, анықталған бұзушылықты жойғанға дейiн асыл тұқымды өнiм (материал) сатуды тоқтата тұруға; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына қызметтерi Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген кезде, малды өз төлiнен өсiру жөнiнде және тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғаларға берiлген аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру, асыл тұқымды мал зауытын, малды асылдандырушы шаруашылықты, малды асылдандырушы орталықты және дистрибьютерлiк орталықты аттестаттан айыру туралы ұсыныс енгізуге; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) селекция және асыл тұқымды өнiмнен (материалдан) төл алу саласында жаңа технологиялардың, аспаптардың, жабдықтардың, материалдар мен биотехнологиялық әдiстердiң қолданылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға құқылы. 7) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың өздерінің құзыретi шегіндегі актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң орындауы мiндеттi. 4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) жоғары тұрған органдарға не сотқа шағым жасалуы мүмкiн. 3-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік реттеу
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер қызметiн мемлекеттік аттестаттау Мемлекеттік аттестаттау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша өткiзiледi. Қайтадан аттестаттау аттестаттау мерзiмi аяқталғаннан кейiн мiндеттi түрде өткiзiледi. Асыл тұқымды мал зауыты, малды асылдандырушы шаруашылық, малды асылдандырушы орталық, дистрибьютерлік орталық мәртебесін, сондай-ақ малды өз төлінен өсіру және тұқымның, тұқымдық өнімнің (материалдың) құндылығын анықтау жөніндегі қызмет көрсетуді жеке және заңды тұлғаларға беру облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жүргізіледі. Аттестаттауды (қайтадан аттестаттауды) жүргiзу, сондай-ақ мәртебе беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 13-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) мемлекеттік есепке алу Заңдарда белгiленген тәртіппен танылған асыл тұқымды өнiм (материал) мемлекеттік есепке алынуға тиiс. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды малының және асыл тұқымды мал табындарының саны мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттік тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдарына қарай енгiзiледi. Шығу тегi, өнiмдiлiгi мен асыл тұқымдық сапасы бойынша неғұрлым құнды мал туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң деректерi асыл тұқымды малдың мемлекеттік кiтабына енгiзiледi. Асыл тұқымды малы немесе асыл тұқымды мал табындары бар, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алуды жүргiзе алады және бар малды немесе асыл тұқымды мал табындарын асыл тұқымды малдың мемлекеттік тiркелiмiне енгізу мақсатында облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына есеп бере алады. Асыл тұқымды малдың мемлекеттік кiтабы мен мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қол жетiмдi болып табылады.
Қазақстан Республикасының 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 14-бап өзгертілді 14-бап. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңына сәйкес 15-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 15-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау 1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қолдаудың негiзгi нысандары мыналар: 1) асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған iс-шараларды субсидиялау; 2) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлердiң асыл тұқымды өнiмге (материалға) қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды субсидиялау. 2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынымы бойынша белгiлейдi. |