Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 және Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 680 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасында: 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «6. Сатып алынатын құлақ жапсырмалар, жануардың жеке нөмірі, сондай-ақ жануарларға арналған ветеринариялық паспорт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінде (бұдан әрі - Бірдейлендіру ережесі) көрсетілген талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес болуы тиіс.»; 9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|