Кеден Одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 850 Шешімімен бекітілген
Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен күші жойылды
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасында (бұдан әрi - СЭҚ ТН) тауарларды жiктеу мынадай ережелер бойынша жүзеге асырылады: 1. Бөлiмдердiң, топтар мен кiшi топтардың атаулары СЭҚ ТН-ды пайдаланудың қолайлылығы үшiн ғана келтiрiледi; заңдық мақсаттар үшiн СЭҚ ТН-де тауарларды жiктеу тауар позицияларының мәтiндерiн және бөлiмдерге немесе топтарға тиiстi ескертпелердi негiзге ала отырып, және, егер осындай мәтiндермен өзгеше көзделмесе, мынадай ережелерге сәйкес жүзеге асырылады: 2. а) тауар позициясы атауындағы қандай да бiр тауарға кез келген сiлтеме, жинақталымды емес немесе аяқталмаған түрде ұсыныла отырып, бұл тауардың жинақталымды емес немесе аяқталған тауардың негiзгi қасиеттерiне ие болуы шартымен жинақталымды емес немесе аяқталмаған түрдегi осындай тауарға сiлтеме ретiнде қарастырылуға тиiс, сондай-ақ жиналмаған немесе ажыратылған түрде ұсынылған жинақталымды немесе аяқталған тауарға (немесе қарастырылып отырған тауар позициясында осы Ережеге байланысты жинақталымды немесе аяқталған түрде жiктелетiн) сiлтеме ретiнде қарастырылуға тиiс; б) тауар позициясы атауындағы қандай да бiр материалға немесе затқа кез келген сiлтеме осы материалдың немесе заттардың басқа материалдармен немесе заттармен қоспасына немесе қосылыстарына сiлтеме ретiнде қарастырылуға тиiс. Белгiлi бiр материалдан немесе заттан жасалған тауарға кез келген сiлтеме толық немесе iшiнара осы материалдан немесе заттан тұратын тауарларға сiлтеме ретiнде қарастырылуға тиiс. Бiрден астам материалдан немесе заттан тұратын тауарларды жiктеу 3-Ереженiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Егер 2 (б) Ережеге байланысты немесе қандай да бiр басқа себептер бойынша prima facie, тауарларды екi немесе одан да көп тауар позициясына жатқызу мүмкiндiгi болса, мұндай тауарларды жiктеу мынадай түрде жүзеге асырылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|