Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығымен күші жойылды
Қаулы етемін: 1. «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮӘЖ-ы, 2007 ж., № 27, 310-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде: 4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жүзеге асырады.»; 5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Дипломдар мен төсбелгісін дайындауға, сараптама жүргізуге байланысты шығыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.»; 6-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Бір автор немесе авторлар ұжымы мемлекеттік сыйлыққа қатарынан екі рет ұсыныла алмайды.»; 11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі:»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Тұлға мемлекеттік сыйлық алуға ұсынғаннан кейін қайтыс болған жағдайды қоспағанда, Мемлекеттік сыйлық қайтыс болғаннан кейін берілмейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|