|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 385-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат): 1) тақырып бойынша орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; «Жасөспірімдер үйлерінің», «Жасөспірімдер үйлерінде», «Жасөспірімдер үйлері», «Жасөспірімдер үйлерін», «Жасөспірімдер үйлерінен», «Жасөспірімдер үйлеріне» деген сөздер тиісінше «жасөспірімдер үйлерінің», «жасөспірімдер үйлерінде», «жасөспірімдер үйлері», «жасөспірімдер үйлерін», «жасөспірімдер үйлерінен», «жасөспірімдер үйлеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; «18 жасқа», «жасы 23-ке», «23 жасқа», «16 жастан», «18 жастан» деген сөздер тиісінше «он сегіз жасқа», «жиырма үш жасқа», «он алты жастан», «он сегіз жастан» деген сөздермен ауыстырылсын; орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; «білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган», «Білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган», «уәкілетті білім беру органы» деген сөздер тиісінше «білім беру саласындағы уәкілетті орган», «Білім беру саласындағы уәкілетті орган», «білім беру саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 3-бапта: 1-тармақтағы «адамның» деген сөз «жеке адамның» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың 2) тармақшасындағы «медициналық-психологиялық оңалуын және» деген сөздер алып тасталсын; 4) 4-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «Балалар ауылының тәрбиеленушi-балалары» деген сөздер «Балалар ауылында тәрбиеленуші балалар» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 5-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «бiрге тұруға;» деген сөздер «бiрге тұруға құқығы бар.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын; 6) 7-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігі «прокурор және сот» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ өз құзыреті шегінде ішкі істер органдары мен өзге де мемлекеттік органдар» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «өзге де азаматтар» деген сөздер «адамдар» деген сөзбен ауыстырылсын; 7) 8-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тәрбиеленушi балалар ауылында болған бүкiл кезеңде тұрғын үйдің басқа да меншік иелерiмен бiрге ортақ меншiкке құқығын сақтайды. Ортақ меншіктегі, оның iшiнде балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң де меншiгiндегi тұрғын үйдi иелiктен айырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.»; 2-тармақтағы «жекешелендiрiлген» деген сөз алып тасталсын; 8) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын: «10-бап. Тәрбиеленушінің әлеуметтік төлемдерге құқығы 1. Тәрбиеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ ата-анасынан алынатын өзіне тиесілі алименттерге құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәрбиеленушіге тағайындалған жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ тәрбиеленушіні бағып-күтуге ата-анасынан өндіріп алынатын қаражат тәрбиеленушіге жазбаша хабар беріле отырып, оның атына банк шоттарына аударылуға тиіс. Балалар ауылдарының әкімшілігі мен тәрбиеші-аналарының алименттерден, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерден түскен қаражатты тәрбиеленушілердің банк шоттарынан алуға құқығы жоқ.»; 9) 11-баптың 1-тармағы «адамдар тобы» деген сөздерден кейін «(тәрбиеші-ана, тәрбиеленушілер)» деген сөздермен толықтырылсын; 10) 12-баптың 3-тармағы «балалар үйлерінің» деген сөздерден кейін «, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 13-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) тәрбие процесіне басшылық жасау, оқуды бақылау;»; 12) 14-бапта: 1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жиырма жеті жасқа толған, жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) білімі бар, некеде тұрмайтын, өзінің кәмелетке толмаған не асырап алған балалары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары:»; 4) тармақшадағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 5) тармақшадағы «соттылығы» деген сөз «сотталғандығы» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Балалар ауылында тәрбиеленуші балалардың мүдделерін неғұрлым толығырақ қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдардың конкурстық іріктеуден өткен тәрбиеші-аналардың кадр резерві болуы мүмкін.»; 13) 15-бапта: 2-тармақтағы «адамнан» деген сөз «тұлғалардан» деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Ақшалай сомалар тәрбиеленушінің банк шотына салынады. Шоттың бар екендігі туралы құжаттар балалар ауылының әкімшілігінде сақталады. Шоттың бар екендігі туралы құжаттардың көшірмелері тәрбиеші-анаға беріледі.»; 14) 16-бапта: 1-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «тәрбиеші-ана» деген сөздер «тәрбиеші-ана, балалар ауылының әкімшілігі» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: бірінші абзацтағы «тәрбиеші-аналарға» деген сөздер «балалар ауылының әкімшілігіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «перзентханадан, босану бөлімшесінен» деген сөздер «сәбилер үйінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) тармақшадағы «адамдар» деген сөз «тұлғалар» деген сөзбен ауыстырылсын; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «кәмелетке толмағандарға бұрыннан тұрып келген тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар және әділет органдарының бала мен оның ата-анасының жылжымайтын мүлікке құқықтарын және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтері;»; 10) тармақшада: «банк мекемесінде» деген сөздер «банкте» деген сөзбен ауыстырылсын; «құжат» деген сөз «құжаттардың көшірмелері» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 17-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Балаларды беру туралы шартта: 1) балалар ауылы тәрбиеленушілерінің тәрбиелену, білім алу және бағып-күтілу жағдайлары; 2) тәрбиеші-ананың, балалар ауылы әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері; 3) тәрбиеші-аналарға қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттері; 4) балаларды беру туралы шартты тоқтатудың негіздері мен салдары қамтылуға тиіс.»; 2-тармақта: 2) тармақша «қорғаншы және қамқоршы органдардың» деген сөздерден кейін «және (немесе) балалар ауылы әкімшілігінің» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) баланы (балаларды) ата-анасына қайтарған немесе оны (оларды) асырап алған, сондай-ақ баланы (балаларды) қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге берген жағдайда;»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тәрбиеші-ананың бастамасы бойынша балаларды балалар ауылының отбасына беру туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде, мұндай шартты қорғаншы және қамқоршы орган балалар ауылының әкімшілігімен және тәрбиеші-аналардың кадр резервінде тұрған адаммен жасайды.»; 16) 18-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі «балалардың пікірі» деген сөздерден кейін «, балалар ауылы әкімшілігінің пікірі» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тәрбиешi-ана осы Заңның 16-бабы 4-тармағының 1), 2), 4) - 11) тармақшаларында көрсетілген, өзiне берiлген құжаттар көшірмелерінің сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.»; 17) 19-баптың 2-тармағының екінші сөйлеміндегі «басқа өкiл» деген сөздер «балалардың мүдделерін білдіруші етіп тәрбиеші-ананы» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) 20-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тәрбиеленушінің мүлкін басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»; 2-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын; 19) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын: «22-бап. Жасөспірімдер үйі 1. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың балансындағы жатақхана немесе пәтерлер Жасөспірімдер үйі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Жасөспірімдер үйі мемлекеттік мекеме нысанындағы дербес заңды тұлға ретінде құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін. 2. Жасөспiрiмдер үйiнiң қызметiн балалар ауылының, балалар үйiнiң, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі Жасөспірімдер үйінің директорымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады. 3. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.»; 20) 23-бапта: 1-тармақта: «және балалар үйлерiнiң түлектерiне (әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн адамдарға)» деген сөздер «, балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерiне (әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн адамдарға)» деген сөздермен ауыстырылсын; «рыногына біте қайнасуына» деген сөздер «нарығына сіңісуіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Балалар ауылдарының тәрбиеленушiлерiн, балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерiн әлеуметтiк бейiмдеу мақсатында Жасөспiрiмдер үйi мынадай міндеттерді:»; 21) 24 және 25-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «24-бап. Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтетін адамдардың санаттары 1. Балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкімшілігінің шешімі негізінде Жасөспірімдер үйінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады. 2. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады. 25-бап. Жасөспiрiмдер үйi директорының негiзгi мiндеттерi Жасөспiрiмдер үйiнiң директоры: 1) еңбек нарығын: мүдделi ұйымдармен байланыстар орнату және ұйымдардағы бос жұмыс орындарын зерделеу; қосалқы шаруашылықтар, шағын ағаш ұсташылық және слесарлық шеберханалар мен шағын кәсiпкерлiктiң басқа да объектiлерiн құру арқылы жүйелi түрде зерделеуге; 2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша балалар ауылының, балалар үйiнің және жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкiмшiлiгiмен өзара iс-қимылды жүзеге асыруға мiндеттi.»; 22) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдардың мүдделерін балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі білдіреді және қорғайды. Дербес заңды тұлға мәртебесі бар Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдардың мүдделерін оның әкімшілігі білдіреді және қорғайды.»; 23) 27-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «Заң актiлерiнде», «заң актiлерiнде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) 28-бапта: 1-тармақта: бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар мәмiлелердi балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен жасайды.»; екінші сөйлемдегі «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдар мәмілелерді осы мекеме әкімшілігінің келісімімен жасайды.»; 25) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын: «30-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi балалар ауылы, балалар үйi және жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат пен тәрбиеленуші (түлек) арасында жасалған Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт негiзiнде айқындалады. Осы шарт бiлiм беру саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн үлгi шарт негiзiнде жасалады. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдардың құқықтары мен міндеттері Жасөспірімдер үйі мен тәрбиеленуші (түлек) арасында жасалған осы мекемеде бағып-күту туралы шарт негізінде айқындалады.»; 26) 31-баптың 1-тармағында: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі (түлегі) Жасөспiрiмдер үйiнің тәртібін бірнеше рет бұзған, алкогольді, есірткілерді, басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану, нәпсіқұмарлық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттерді жасау фактілері анықталған жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органның, балалар ауылы, балалар үйі және жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен;». мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі (түлегі) Жасөспірімдер үйінің тәртібін бірнеше рет бұзған, алкогольді, есірткілерді, басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану, нәпсіқұмарлық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттерді жасау фактілері анықталған жағдайларда дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйі әкімшілігінің шешімімен;»; 4) тармақшадағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын; 27) 32-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «(балалар үйінде)», «(балалар үйінің)», «(балалар үйі)» деген сөздер тиісінше «, балалар үйінде, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта», «, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың», «, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат» деген сөздермен ауыстырылсын; 28) 33-баптың 5) тармақшасындағы «немесе балалар үйіне» деген сөздер «, балалар үйіне немесе жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа» деген сөздермен ауыстырылсын; 29) 36-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жасөспірімдер үйлерінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдарға күндізгі оқу нысанында жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) бiлiм алуы кезеңінде толық мемлекеттiк қамтамасыз ету кепiлдiгi берiледi.»; 30) мынадай мазмұндағы 37-баппен толықтырылсын: «37-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.». 2. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат): 30-баптың 1-тармағында: жетінші бөліктің екінші сөйлеміндегі «отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және Жасөспірімдер үйлері туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын; сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкімшілігінің шешімі негізінде Жасөспірімдер үйінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады.»; мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын: «Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы желтоқсанның 26-ы. № 517-ІV
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |