Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы (2004.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Жоғарғы сотының 18.06.04 ж. № 9 нормативтік қаулысымен тақырыбы мен кіріспе өзгертілді Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды қолдану тәжірибесінде соттарда туындаған мәселелерді түсіндірудің қажеттілігін атай отырып, тұтынушылар құқын тиімді сот қорғауымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: ҚР Жоғарғы сотының 18.06.04 ж. № 9 нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. 1996-жылғы 5-маусымда қабылданып, 1992-жылғы 1-қаңтардан күшіне енгізілген «Тұтынушылар құқын қорғау туралы» Қазақ ССР Заңы (бұдан әрі - Заң), 1992-жылғы 26-маусымдағы Заңмен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен, тұтынушылар - жеке тұтынушылардың, яғни, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдардың (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12-бабы (бұдан әрі - АК) жеке тұрмыстық қызметтер үшін тапсырыс беретін жұмыстар мен қызметтер, сатып алынатын және пайдаланатын тауарлар, немесе оларды өндірушілер, сондай-ақ меншік түрі мен заңды тұлғаның құрылу нысанына қарамастан қызметтер мен жұмыстарды атқарушылар, соның ішінде жеке кәсіпкерлер (АК 19-бабы) арасындағы қатынастарды реттейді және ол күшіне енгеннен кейін туындайтын немесе жалғасатын құқықтық қатынастарға қолданылады (АК 4, 383-баптары). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|