«Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 19, 250-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ереже «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі - мемлекеттік құпиялар) бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес (коммерциялық) ұйымдарына (бұдан әрі - орындаушы ұйым) немесе азаматтарына беру тәртібін белгілейді.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тапсырыс беруші ұйым - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарға тапсырыс берушілер болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым; 2) орындаушы ұйым - орындау үшін өте құпия және құпия материалдар (бұйымдар), мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер тасушылар (қағаз және электрондық) талап етілетін, тапсырыс беруші ұйымның белгілі бір тапсырысын орындайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес (коммерциялық) ұйымдар.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|