ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 201 қаулысымен бекітілген
«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
1. Осы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері (бұдан әрі - нормативтер) меншік нысанына, ұйымдық-құқықтық нысанына, ведомстволық тиесілігіне қарамастан, қызметі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге байланысты, заңды және жеке тұлғаларға арналған. 2. Жеке және заңды тұлғалар «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңына сәйкес радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының бұзылуына жауапты болады. 3. Оңтайландыру қағидатын іске асыру кезінде радиациялық қорғауға арналған шығыстарды негіздеу үшін 1 адам-Зиверт (бұдан әрі 1 ад - Зв) ұжымдық тиімді дозадағы сәулелену халық өмірінің шамамен 1 адам - Зв шығынына тең әлеуетті шығынға әкеп соғады деп қабылданады. Өмір жылының 1 адам - Зв шығынының ақшалай эквивалентінің шамасы ұлттық табыстың кемінде 1 жылдық бір адамға шаққандағы көлемінде белгіленеді. 4. Стохастикалық әсерлердің пайда болуының жеке және ұжымдық өмірлік тәуекелі тиісінше былай анықталады:
мұнда r, R - тиісінше жеке және ұжымдық өмірлік тәуекел; Е - жеке тиімді доза; рi(Е)dЕ - і жеке адам үшін жылдық тиімді дозаны Е-ден Е+dЕ-ге дейін алу ықтималдығы; rE - бір стохастикалық әсерге толыққанды өмір кезеңінің ұзақтығын орташа 15 жылға қысқартудың өмірлік тәуекел коэффициенті (өлімге әкеліп соқтыратын қатерлі ісіктен, маңызды тұқым қуалайтын әсерлерден және өлімге әкеліп соқтыратын қатерлі ісіктің салдарларына зияны бойынша алып келетін өлімге әкеліп соқтырмайтын қатерлі ісіктен), мынаған тең:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|