Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы (2011.13.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2007.26.09 № 838 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.08. № 851 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.13.12. № 1516 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов тағайындалсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|