Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Мемлекеттік авиациялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Мемлекеттік авиациялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен «Авиациялық оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні азаматтық және мемлекеттік авиация үшін жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерін қолдану саласында авиация персоналын даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау бойынша білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) серіктестіктің жарғысын бекітуді; 2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне иеленуге және пайдалануға беруді; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|