«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде: 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды атқарады: 1) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету; 2) Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын іске асыру; 3) келіссөздер жүргізуді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру; 4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолдануын тоқтата тұру мен тоқтату туралы ұсыныстар дайындау, оларды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына енгізу; 5) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастары мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар беру; 6) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|