Соттардың некенi бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы (2008.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 13 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 13 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «ҚР» деген сөздер алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 13 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Соттардың некенi бұзу туралы iстердi қараған кезде Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының некенi тоқтатуды, оны заңсыз деп тануды және ерлi-зайыптылар (бұрынғы ерлi-зайыптылар) арасындағы мүлiктiк қатынасты реттейтiн нормаларын қолданумен байланысты мәселелер туындайтынын ескере отырып, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының (бұдан әрi - Заң) 15-бап 1-тармағына сәйкес некенi бұзу туралы iс сотта ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң немесе екеуiнiң де талап арызы бойынша жүргiзiлетiнi түсiндiрiлсiн. Егер ерлі-зайыптылардың бiрiнiң әрекет қабiлетсiздiгi байқалса, онда оның мүддесiн қамқоршысы немесе прокурор некенi бұзу туралы талап қою арқылы қорғауы мүмкiн. АIЖК-нің 57-бабына сәйкес, сот мұндай жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдарын iске қатыстырып, олардың тиiстi қорытындысын алуына болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|