Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: реттік нөмірі 11-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлері: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою"; реттік нөмірі 38-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлерінен басқа"; 2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 527-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі туралы Ережеде: 11-тармақтың 21) тармақшасы "лицензиялауды" деген сөзден кейін ", соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлері: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою" деген сөздермен толықтырылсын; 3) "Қазақстан Республикасындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 556-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ережесінде: 3-тармақта: жетінші абзац алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі; Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі"; 9-тармақтың 2-тармақшасында "есірткі құралдары," деген сөздердің алдынан "денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа" деген сөздермен толықтырылсын; 13-тармақта: бірінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын: "13. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі"; 2) және 3) тармақшалар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: "13-1 Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі: өнеркәсіп саласында пайдалану үшін есірткі құралдарын психотроптық заттарды және прекурсорларды тұтынудың нормаларын қорытады және белгілейді және оларды белгіленген тәртіппен Комитетке ұсынады; өз құзыретінің шегінде есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар өндірісінің, сондай-ақ құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлары бар шикізаттарды өңдеу саласына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.". 20-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: "7) денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады."; 22-тармақтың 5) тармақшасында "есірткі құралдары" деген сөздердің алдынан "денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа" деген сөздермен толықтырылсын."; 47-тармақтың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын. 55-тармақтың 1) тармақшасында "өндіруші кәсіпорын" деген сөздердің алдынан "дәріхана жағдайында дәрілік құралдар дайындауды қоспағанда" сөздермен толықтырылсын: 63-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "медициналық ұйымдарға."; 119-тармақтың бірінші абзацында "пайдалану-" деген сөзден кейін "соның ішінде, дәріхана жағдайында дәрілік құралдарды дайындаумен байланысты" деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарындағы қосымшаларда: "Берілді" деген жолдағы "лицензиаттың" деген сөзден кейін "филиалының, өкілдігінің" деген сөздермен толықтырылсын; қосымшаларға сәйкес Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензия нысанымен және оған қосымшамен толықтырылсын; 4) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті туралы ережеде: 11-тармақтың 2) тармақшасында "есірткі құралдары" деген сөздердің алдынан "денсаулық сақтау жүйесіндегі: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерін лицензиялауды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
11-қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі ҚР елтаңбасы
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлеріне Мемлекеттік лицензия
_______________________________________________________ берілді лицензиаттың толық атауы, заңды мекен-жайы, Е-mail Лицензия кімге берілген, Т.А.Ә. _______________________________ Қоса беріліп отырған Қосымшаға сәйкес _________________________ ____________________________________________________ айналысуға ("Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуын іс-әрекет шаралары туралы" ҚР Заңына сәйкес түрінің атауы) Лицензияны қолданудың ерекше шарттары ________________________ Лицензиар-орган ______________________________________________ (лицензиар органының толық атауы) Басшысы _______________________________________ _____________ (лицензия берген орган басшысының Т.А.Ә.) (қолы) Лицензия берілген күн 200__жылғы "___" _______________________ Лицензияның нөмірі ___________________________________________ Лицензияның қолданылу мерзімі ________________________________ Мөр орны ___________ қаласы № 00000 Түсі күңгірт-жасыл 12-қосымша Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензияға қосымша 200__жылғы "___"_____№ (лицензиясыз жарамсыз) _________________________________________________________________ лицензиаттың толық атауы, заңды мекен-жайы Мекен-жайында орналасқан ____________________________ объектісіне дәріхана ұйымының түрі _________________________________________________ берілді Олардың шегінде 200__ жылға арналған айналым жүзеге асырылатын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі мен саны _________________________________________________________________ Атауы Саны _________________________________________________________________ 1 2 _________________________________________________________________ 1. _________________________________________________________________ 2. _________________________________________________________________ 3. және т.б. _________________________________________________________________ Қосымшаны берген орган __________________________________________ (лицензиялайтын органның толық атауы) Басшысы __________________________________________ _____________ (лицензия берген орган басшысының Т.А.Ә.) (қолы) Берілген уақыты 200___жылғы "__"_________ ________________ Қосымшаның нөмірі _______________________________________________ Қолданылу мерзімі _______________________________________________ Мөр орны __________ қаласы , |