ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014.27.06. № 239-ө бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 1-3/490 бұйрығына 5-қосымша
«Жерсіндіруге рұқсат беру»
1. «Жерсіндіруге рұқсат беру» мемлекеттік қызметтің осы Регламенті (бұдан әрі - регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік іс жүргізу туралы» Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сай әзірленген. 2. «Жерсіндіруге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) балық қондыру материалдарын шығаруға және өзін-өзі өндіру популяциясын құру мақсатындағы су қоймалар мен (немесе) мекендердегі балықтарға, құрып бара жатқан және сирек кездесетін құнды балықтарды сақтауға және (немесе) товар өнімдерін қабылдауға және бұрын олар мекендеген және өзінің маңызын жоғалтқан, мекендеу орындарында тіршілік ететін жануарлар әлемі объектісіне бейімделуіне рұқсат беру қызметі. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Балық шаруашылық Комитетінің аймақтық инспекцияларымен (бұдан әрі - Инспекция) ұсынылады. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 1) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағы 48) тармақшасының; 2) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген «Жерсіндіруге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|