Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 124 қаулысымен бекітілген
1. Осы Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі - талаптар) халықаралық бағалау стандарттарын пайдалана отырып, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) негізінде әзірленді және бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына, бағалау туралы есепте пайдаланылатын ақпаратқа, сондай-ақ әдіснамада және есептеуде қолданылатын бағалау туралы есептегі сипаттамаларға қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы талаптар Қазақстан Республикасының аумағында бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде қолдануға міндетті болып табылады. 3. Бағалау туралы есеп бағалау жүргізу қорытындысы бойынша жасалады. Бағалау туралы есеп Заңға, осы талаптарға, халықаралық стандарттарға және бағалау қызметі стандарттарына сәйкес жасалған құжатты білдіреді. 4. Есептің тапсырыс берушісі - бағалау объектісінің меншік иесі немесе бағалау туралы шарт жасауға құжат түрінде расталған негіздемесі бар өзге де адамдар, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда сот немесе уәкілетті орган.
2. Бағалау туралы есептің мазмұнына қойылатын талаптар
5. Бағалау объектісінің түріне қарамастан, бағалау туралы есепте мынадай міндетті бөлімдер мен бөліктер қамтылады: 1) титул парағы; 2) ілеспе хат (тапсырыс берушінің келісімі бойынша); 3) есептің мазмұны; 4) біліктілік сипаттамалары көрсетілген бағалаушылар тізімі; 5) есеп туралы жалпы мәліметтер; 6) бағалау объектісінің жалпы мәліметтері және сипаттамасы; 7) есептің есептеу бөлігі; 8) есептің қорытынды бөлігі; 9) қосымшалар. Осы тармақтың 1-6) тармақшаларында санамаланған есептің бөліктері оның қосымшаларын есептемегенде, есеп мазмұнының жартысынан аспайды. 6. Титул парағы мыналарды қамтуы тиіс: 1) есептің атауы; 2) есептің нөмірі; 3) есептің жасалған күні; 4) объектінің атауы және орналасқан жері; 5) бағалау күні; 6) бағалау туралы шарттың нөмірі және жасалған күні; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|