Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 279-құжат; 2011 ж., № 53, 743-құжат; № 55, 783-құжат; 2012 ж., № 57, 773-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережедегі: 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Президенттің Күзет қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президент актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Президенттің Күзет қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.»; мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын: «4-1. Егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Президенттің Күзет қызметі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 4-2. Президенттің Күзет қызметі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Президент Күзет қызметі бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Президент Күзет қызметінің құрылымы мен қызметкерлері штат санының лимитін Президент Күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Республика Президенті бекітеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|