Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да
Осы редакция 2013 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы Осы Жарғы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыру және өткеру, әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шаралар өткізу тәртібін айқындайды. Жарғының күші Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
1-тарау. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру
Жалпы ережелер
1. Елді мекенде немесе шекаралары белгіленген ауданда орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері, мекемелері (бұдан әрі - әскери бөлімдер) гарнизонды құрайды. 2. Гарнизонның шекаралары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен айқындалады. Анағұрлым үлкен гарнизонның құрамына оған жақын жатқан елді мекендерде орналасқан барлық әскери бөлімдер енгізіледі. Осы шекараларға жақын жатқан басқа да елді мекендер енгізілуі мүмкін. Гарнизон шекаралары гарнизонның барлық жеке құрамына дейін жеткізілуі тиіс. 3. Гарнизондық қызмет жеке құрам арасында жоғары әскери тәртіпті ұстау, әскерлердің күнделікті өмірі мен даярлығына қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шараларды өткізу үшін арналған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|