|
|
|
«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 706-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасында: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) ағымдағы баға - жекешелендіру объектісінің аукциондағы немесе электрондық аукциондағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы;»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) бастапқы баға - әрбір жекешелендіру объектiсi бойынша сауда-саттық басталатын баға;»; 4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) аукцион нөмірі - қатысушыға аукционға немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде электрондық аукционға қатысу үшін берілетін нөмір; 5) аукционшы - аукцион жүргізетін және тиiстi аукциондық сауда-саттық жүргiзу техникасын меңгерген, сатушының қызметкері болып табылады не Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тартылатын жеке тұлға; 6) алғашқы баға - тәуелсіз бағалаушының бағалау туралы есебін ескере отырып, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін баға;»; мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын: «15-1) кепілдік жарнасы - сауда-саттыққа қатысу үшін жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;»; мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын: «22-1) Тізілімнің веб-порталы - www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, Мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі - Тізілім) жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |