Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы (2022.03.06. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсіпорындарға қатысты тиісті саланы басқару жөніндегі уәкілетті орган; 2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, сондай-ақ ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|