Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы (2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Оқу орындарының оқу-материалдық базасын сақтау, олардың педагогикалық құрамын нығайту, оқу-тәрбиелік және әдістемелік жұмыстардың сапасы мен тиімділігін арттыру, білім беру процесінің үздіксіз қағидатын іске асыру және мәдениет пен өнер саласында барынша сапалы, жаңа деңгейде жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» мемлекеттік мекемесі оған «Республикалық көркемсурет колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Қайта ұйымдастырылған мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» бөлімінде: реттік нөмірі 470-147-жол алынып тасталсын; 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды 3) ҚР Үкіметінің 01.06.04 ж. № 604 қаулысымен күші жойылды 5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |