Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Әскери-техникалық мектебi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң «Орталық Армия үйi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі» деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 21-9-жолдың 3-бағанындағы «Астана» деген сөз «Алматы» деген сөзбен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 21-13-жол алынып тасталсын. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
|