«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стандарттау, метрология және экология республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын жекешелендіру туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стандарттау, метрология және экология республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стандарттау, метрология және экология республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мүліктік кешенін сатуды жүзеге асырсын. 3. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 43-жол алынып тасталсын. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|