«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ережеде: 21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «21) өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;»; мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын: «21-1) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекіту;»; 24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «24) өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекіту;»; 29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «29) өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісу;»; мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|