2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы
ҚР 2014 жылғы 30 маусымдағы № 215-V Заңымен ратификацияланды 2015 жылғы 21 қаңтарда күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар) 2007 ж. 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты басшылыққа ала отырып, 2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 8-бабына сәйкес, Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын өзге халықаралық шарттарын ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) Келісімнің 3-бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) 27-тобында сыныпталатын, 2014 ж. 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетілетін мұнай және мұнай өнімдері есепке алу мақсатында Ресей Федерациясында, егер олар Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетілетіндей түрде кедендік декларациялануға жатады.»; 2) Келісімнің 6-бабының екінші және үшінші абзацтары мынадай мазмұндағы мәтінмен ауыстырылсын: «Қазақстан Тарапы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізуді жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|