Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2013 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті мен оның аумақтық органдары - санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері: республикалық маңызы бар ұйымдар жүзеге асыратын медициналық қызметті, сондай-ақ «сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама, еңбекке уақытша жарамсыздық және кәсіби жарамдылық сараптамасы» медициналық қызметтің кіші түрлерін; фармацевтикалық қызметтің кіші түрлерін: дәрілік заттарды шығаруды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаруды, медициналық техниканы шығаруды, дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыру бойынша лицензиар болып; 3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары: осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кіші түрлерін қоспағанда, медициналық қызметті; фармацевтикалық қызметтің кіші түрлерін: дәрілік заттарды дайындауды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауды, дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру бойынша лицензиар болып; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|