ҚР Ішкі істер министрінің 2014.29.07. № 477 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығымен бекітілген № 9 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің штабы туралы
1. Штаб (департамент) ішкі істер органдарының қызметін салааралық жедел басқаруын қамтамасыз ететін және жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Штабтың құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Ішкі істер министрі бекітеді. 1) басшылықтан; 2) Ұйымдастырушылық-талдау жұмысы басқармасынан; 3) Жоспарлау және бақылау басқармасынан; 4) Халықаралық ынтымақтастық басқармасынан; 5) аймақтық бақылау және инспекциялау тобынан; 6) кеңседен тұрады.
2. Штабтың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
5. Міндеті: Ішкі істер министрінің қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету. Функциялары: 1) елдегі жедел жағдайдың жай-күйі, ішкі істер органдары жұмысының нәтижелері туралы ақпараттық-анықтамалық материалдарды, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде кездесетін проблемаларды жою бойынша ұсыныстарды дайындайды; 2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қауіпсіздік Кеңесінде, Үкіметте, Конституциялық Кеңесте, Үйлестіру Кеңесінде және басқа да жоғары тұрған және консультациялық-кеңесші органдарда заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бойынша болатын отырыстарға (кеңестерге) ақпараттық-талдау материалдарын, баяндама мен сөз сөйлеу тезистерін әзірлеуді қамтамасыз етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|