Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығымен ; ҚР Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8398 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 шілдедегі № 172 (28111) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесінде: 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «39. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу кезінде олардың мазмұнына қойылатын Бюджет кодексінде көзделген талаптар ескеріледі. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді.»; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «41. Бюджеттік бағдарламада оның іске асырылуын бағалау үшін тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері қамтылуы тиіс, сондай-ақ бюджеттік бағдарламада сапа мен тиімділік көрсеткіштері қамтылуы мүмкін. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей нәтижені ғана көрсетеді.»; 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «46. Бюджет кодексінің 37-бабына сәйкес бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар: 1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға; 2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуына арналған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|