Жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін және көрсетілетін медициналық қызмет үшін ақы төлеуді бақылау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінің 3 және 15-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін және көрсетілетін медициналық қызмет үшін ақы төлеуді бақылау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ақы төлеуді жүзеге асыру кезінде осы Қағидаларды басшылыққа алсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (Қ.Қ. Ермекбаев): 1) заңнамамен белгілеген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйырық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|